Ресей мен Қытай АҚШ-тың Иранға қарсы біржақты санкцияларын айыптады
Ресей Президенті Владимир Путин мен Қытай Төрағасы Си Цзиньпин Мәскеуде бір-бірімен кездескен соң ортақ мәлімдемесінде АҚШ-тың Иранға қарсы біржақты санкцияларын айыптады.
«Фарс» ақпарат агенттігінің мәліметінше, Путин мен Си Цзиньпин сондай-ақ барлық жақтардың «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына табанды болу қажеттілігін қуаттады. Ресей мен Қытай басшылары Иранның «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасындағы міндеттемелеріне табанды қалуына алғыс айтты. Олар өз елдерінің аталмыш келісімге табанды екендерін қуаттады.
Атом Қуаты Халықаралық Агенттігі осы кезге дейін 15 мәлімдемесінде ИИР-ның ядролық жұмыстарының бейбіт мақсатты болулары және бұл елдің «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына табанды болуын растады.