Макрон Трамптан Иранның ядролық бағдарламасы жөнінде жаңа келіссөз жүргізуді сұрады
https://itolqyn.com/news/world-i42359
Франция Президенті америкалық әріптесімен кездесуінде Иранның ядролық бағдарламасы жөнінде жаңа келіссөз жүргізуді сұрады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Маусым 07, 2019 13:56 Asia/Almaty
  • Макрон Трамптан Иранның ядролық бағдарламасы жөнінде жаңа келіссөз жүргізуді сұрады

Франция Президенті америкалық әріптесімен кездесуінде Иранның ядролық бағдарламасы жөнінде жаңа келіссөз жүргізуді сұрады.

CBS арнасының мәліметінше, Франция Президенті Эммануэль Макрон бейсенбіде Нормандия қаласында АҚШ Президентімен бірге өткізген баспасөз отырысында: «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының шарттарын кеңейту үшін жаңа халықаралық келіссөздерді бастау керек»,- деді. Макрон бұл кездесуде: «Иранның ядролық қаруға ие болуының алдын алу, Иранның баллистикалық зымырандар саласындағы жұмыстарын азайту, Иранның аймақтағы белсенділігіне қарсыласу Франция мен АҚШ-тың Иранға қатысты ортақ басты мәселелері»,- деп жариялады. Дональд Трамп та бұл кездесуде: «АҚШ пен Францияның Иранға қатысты ұстанымдарының қайшылығы жоқ. Екі ел Иранның ядролық қару шығармайтынына сенімді болғысы келеді»,- деді. Трамп сондай-ақ өзінің Иранға қарсы біржақты санкцияларын қорғап: «Санкциялар өте күшті болды және ирандықтар осал әрекеттенуде»,- деп қосты. АҚШ Президенті Иранмен келіссөз жүргізуге дайын екені туралы қайталады.