Зариф: АҚШ №2231 қарарға қатысты түсінігін басқаларға таңа алмайды
https://itolqyn.com/news/world-i42365
Иран Сыртқы істер министрі АҚШ пен оның одақтастарының БҰҰ Қауіпсіздік күштерінің №2231 қарарын өз мүдделеріне сай тәпсірлеуге талпынысына реакция білдіріп, олардың өз түсініктерін басқаларға таңатындай жағдайда емес екенін айтты.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Маусым 08, 2019 13:49 Asia/Almaty
  • Зариф: АҚШ №2231 қарарға қатысты түсінігін басқаларға таңа алмайды

Иран Сыртқы істер министрі АҚШ пен оның одақтастарының БҰҰ Қауіпсіздік күштерінің №2231 қарарын өз мүдделеріне сай тәпсірлеуге талпынысына реакция білдіріп, олардың өз түсініктерін басқаларға таңатындай жағдайда емес екенін айтты.

Мұхаммад Джавад Зариф жұма күні Twitter-дегі жеке парақшасында  АҚШ-тың БҰҰ Қауіпсіздік күштерінің №2231 қарарын бұзып, "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасынан шыққанын айтып: "АҚШ пен оның одақтастары басқыншыларға Йемен халқын қырып-жою мақсатында миллиондаған долларлық қару-жарақ беріп отырған жағдайда басқаларға БҰҰ Қауіпсіздік күштерінің №2231 қарарының зымыран туралы тармағына қатысты түсінігін таңуға моральдық құқығы жоқ",-деп жазды.

Зариф БҰҰ Қауіпсіздік күштерінің №2231 қарарының Иранды зымыран саласында белсенділік жасауға тыйым салмайтынын айтып: "Иранның зымырандары ядролық қару тасымалдауға жобаланбаған",-деді.