Трамп америкалық қару-жарақты сатуға талпыныс жасауын мойындады
АҚШ Президенті сұхбатында өзін қару-жарақ сатушы деп таныстырды.
Дональд Трамп CNBC телеарнасына телефон арқылы берген сұхбатында елі үшін сатушы екенін және басқа елдерді америкалық әскери өнімдерді көбірек сатып алуға итермелейтіні туралы мойындады. АҚШ Президенті: «Мен оларға (елдер басшыларына) біз жасаған тікұшақтарды сатып алыңдар, егер сатып алмасаңдар, біз реніш білдіреміз деймін. Олар тікұшақтар мен Ғ-35 ұшақтарын сатып алып, бізге көмектеседі»,- деді. Бұдан бұрын Франция ақпарат агенттігі Трамптың соңғы Жапония сапарындағы екі елдің арасындағы келіссөздер ағымында Жапония 105 Ғ-35 әскери ұшақты сатып алуға келіскені туралы хабарлаған болатын. Бұл келісімнің қаржы мөлшері осы кезге дейін жарияланбады. Бірақ қоғамдық дерек көздердің мәліметінше, әр Ғ-35 ұшағының бағасы 95-120 миллон доллар.