Жапония Премьер-министрі Батыс Азия аймағындағы қайшылықтарды тоқтату талпыныстарын жалғастыратынын қуаттады
Маусым 12, 2019 14:03 Asia/Almaty
Жапония Премьер-министрі өз елінің Батыс Азия аймағындағы қайшылықтарды тоқтату талпыныстарын жалғастыратынын қуаттады.
ИРНА ақпарат агенттігінің мәліметінше, бүгін, сәрсенбіде Абэ Синдзо Токиодан Теһранға аттанардан бұрын журналистердің алдында ИИР басшыларымен өтетін кездесулері мен сұхбаттары Батыс Азиядағы қайшылықтарды төмендететін немесе залалсыздандыратындай болар деп үміттенді. Жапония Премьер-министрі Иран мен АҚШ арасындағы арағайындық арқылы аймақтағы бейбітшілік пен тұрақтылыққа көмектесуді көздейтінін айтты. Жапония Премьер-министрі ИИР басшыларымен кездесіп, пікір алмасу үшін бүгін, сәрсенбі таңертең Токиодан Теһранға аттанды.
Тегтер