Рухани: Иран Жапониямен қарым-қатынасын кеңейтуге мүдделі
Иран Президенті: "Жапонияның Иранның оңтүстік өңірлеріне инвестиция салуға қызығушылық танытуы екі ел қарым-қатынасының дамуына кепіл болады",-деді.
Хасан Рухани сәрсенбі күні кешке Теһранда Жапония Премьер-министрі Синдзо Абэмен ортақ баспасөз конференциясында: "Иран Жапония үкіметі мен Премьер-министрінің саяси-экономикалық, аймақтық және халықаралық қарым-қатынасты кеңейтуді көздеп отырғанын қолдайды",-деді.
Рухани: "Жапония Премьер-министрімен Ирандағы Чабаһар және Микран жағалауларына инвестиция салу туралы сұхбат болды. Жапония Ираннан мұнай сатып алуға қызығушылық танытты",-деді.
Иран Президенті: "Иран ешбір елге соғыс ашпайды, алайда кез келген басқыншыға кесімді жауап береді",-деп еске салды.
Жапония Премьер-министрі Синдзо Абэ Батыс Азия аймағындағы қайшылықтарды азайтудың Токио мақсаттарының бірі екенін білдіріп, осы жайтты назарға ала отырып, Иранға сапар шеккенін айтты.
Жапония Премьер-министрі Ислам дінінің бейбітшілік пен төзімділікке шақыратын дін екеніне тоқталып: "Әрдайым исламда айтылған рухани тағылымдардан әсер алып келемін. Жаппай қырып-жоятын қарулар, соның ішінде ядролық қаруларды ислам тұрғысынан харам деп жариялаған Иранның діни жетекшісіне ерекше құрметпен қараймын",-деді.