Иран мен Жапонияның жоғары лауазымды делегацияларының ортақ отырысы өтті
Иран Президенті Теһран-Токио қарым-қатынасын дамыту және тереңдету қажеттігін қуаттап: "ИИР екі ел мүдделеріне сай экономикалық саладағы әріптестікті дамытуды қалайды",-деді.
Хасан Рухани сәрсенбі күні кешке Иран мен Жапонияның жоғары лауазымды делегацияларының ортақ отырысында Жапония Премьер-министрі мен ол бастаған делегацияны Теһранда қарсы алып: "ИИР үшін Жапониямен байланысын дамыту айрықша маңызды. Бұл сапардың Теһран-Токио қарым-қатынасында бетбұрыс нүктесі боларына үміттенеміз",-деді.
Иран Президенті, сондай-ақ, "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасына тоқталып, барлық елдердің осы ядролық келісім мен БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің №2231 қарарына қатысты белгілі бір міндеттерге ие екенін айтып, Жапония да осы саладағы өз міндеттемелерін атқаратынына үміт білділді.
Рухани Иран халқының АҚШ үкіметінің экономикалық қысым жасауына ашулы екенін айтып: "Америкалықтар бір үкімет және бір армиямен соғыста жеңіске жете алса да, бір халықпен соғыста міндетті түрде жеңіліс табатынын білулері тиіс",-деді.
Жапония Премьер-министрі Синдзо Абэ АҚШ санкцияларының Иран мен Жапонияның қаржы-экономикалық байланыстарына әсеріне тоқталып: "Бұл ел Иранмен экономикалық байланыстарды, соның ішінде мұнай сатып алуды сақтап, кеңейтуді қалайды",-деді.