Трамп: Иран лаңкестікті қолдайды
(last modified Thu, 13 Jun 2019 14:19:31 GMT )
Маусым 13, 2019 20:19 Asia/Almaty
  • Трамп: Иран лаңкестікті қолдайды

АҚШ Президенті ИИР ды лаңкестікті қолдайды деп айыптап: «Иран әлемде қайшылықтар мен текетірестер туындауына себеп болып отыр», деп уәж айтты.

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Дональд Трамп сәрсенбі күні  Ақ үйде Польша Президенті Анджей Дудамен өткен ортақ баспасөз конференциясында: «Иран аймақ пен әлемде соғыс отын тудырып, террор жасап жатыр»,‑деп уәж айтты.

Трамп, сондай‑ақ,  АҚШ үкіметінің «Ортақ қадам» жан‑жақты бағдарламасынан шығуының Иранға қиындық тудырып, оның қатынасының өзгеруіне себеп болғанын айтып: «Егер АҚШ Иранмен келісімге келе алса, жақсы болар еді»,‑деді.

Трамп бұдан бұрын да АҚШ үкіметінің ядролық келісімнен шығуын Иранның қатынасының өзгеріп, аймақтағы белсенділіктерінің азаюына себеп болғанын айтқан болатын.