Рухани: Иран мен Қытайдың АҚШ-тың біржақтылығына қарсы тұруы әлемнің мүддесіне сай
https://itolqyn.com/news/world-i42435
ИИР Президенті Иран мен Қытайдың АҚШ-тың біржақтылығына қарсы тұруының екі ел, Азия мен әлемнің мүддесіне сай екенін айтып: "Иран халқы шетелдік қысымдардан ыдырамайды, керісінше бірігіп, нығая түседі",-деді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Маусым 14, 2019 23:45 Asia/Almaty
  • Рухани: Иран мен Қытайдың АҚШ-тың біржақтылығына қарсы тұруы әлемнің мүддесіне сай

ИИР Президенті Иран мен Қытайдың АҚШ-тың біржақтылығына қарсы тұруының екі ел, Азия мен әлемнің мүддесіне сай екенін айтып: "Иран халқы шетелдік қысымдардан ыдырамайды, керісінше бірігіп, нығая түседі",-деді.

Хасан Рухани жұма күні Қырғызстан астанасы Бішкекте Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше елдер басшыларының 19-шы саммиті аясында Қытай Президенті Си Цзиньпинмен кездесуінде Иран мен Қытай қарым-қатынасын стратегиялық сипатта екенін айтып: "АҚШ үкіметінің Иран, Қытай мен басқа елдерге қысымдары Азия мен әлемді толық басып алу мақсатында жасалып жатыр",-деді.

Си Цзиньпин Бейжің-Теһранның стратегиялық қарым-қатынасына тоқталып: "Әлемді біржақтылық жайлады. АҚШ-тың "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасынан біржақты негізде шығуы – Батыс Азия аймағында қайшылықтардың артуының ең негізгі факторы",-деді.