Арақчи: 60 күндік мұрсат ешбір жағдайда ұзартылмайды
(last modified Sun, 16 Jun 2019 10:46:33 GMT )
Маусым 16, 2019 16:46 Asia/Almaty
  • Арақчи: 60 күндік мұрсат ешбір жағдайда ұзартылмайды

Иран Сыртқы істер министрінің саяси істер жөніндегі аға көмекшісі Еуроодақтың сыртқы саясат жөніндегі басшысының орынбасарымен кездесуінен кейін: «Ортақ қадам» жан жақты бағдарламасындағы тараптардың кемшіліктерін өтеуге берілген 60 күндік мұрсат ешбір жағдайда ұзартылмайды», деп қуаттады.

Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Иранның ядролық келісімгерлер тобының аға мүшесі сейіт Аббас Арақчи сенбі күні Хельга Шмидтпен кездесуінен кейін Теһранның еуропалықтардан сезілерлік іс‑шара көрмегенін айтып: «Еуропалықтар банк, мұнай, энергетика, тасымал және инвестиция салаларында Иранға шешім жолын таба алады, алайда осы күнге дейін бұған қатысты шара қолданбады»,‑деді.

Иранның ядролық келісімгерлер тобының аға мүшесі: «Егер ядролық келісімнің тараптары Иранның талап‑тілектерін орындамаса, 60 күндік мұрсат аяқталған соң Теһран келесі шараларды атқарады, яғни екінші қадамды жасайды»,‑деп қуаттады.  

Иран 2019 жылдың 18 мамырында «Ортақ қадам» жан‑жақты бағдарламасындағы кейбір шараларын тоқтатып, осы келісімде қалған елдерге әсіресе банк пен мұнай саласындағы өз міндеттемелерін орындауға 60 күндік мұрсат берді.