Еуроодақ: INSTEX күшіне енді
Еуроодақтың сыртқы саясат жөніндегі басшысының орынбасары INSTEX-тің күшіне еніп, алғашқы транзакцияның жасалынуын қуаттады.
«Фарс» ақпарат агенттігінің мәліметінше, Хельга Смит Твиттерде: «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына байланысты ортақ комиссия отырысы ортақ шешімге келіп, келіссөздер сындарлы өтті»,- деп жазды. Смит INSTEX күшіне еніп, алғашқы транзакцияның жасалынып, Еуроодақ мемлекеттері мүшелерінің көбінің оған қосылғысы келетінін қуаттады. Могеринидің орынбасары барлық тараптардың «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын толық орындауын маңызды тақырып деп атап: «Арак пен Форду жобалары жақсы алға ілгерледі»,- деді.
«Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына байланысты ортақ комиссияның 12-ші отырысы кеше, жұма күні өтті.