Дональд Трамп Сауд Арабиясына АҚШ қару-жарағын сатып алуы үшін алғыс айтты
https://itolqyn.com/news/world-i42573
АҚШ Президенті Сауд Арабиясы тақ мұрагерімен кездесуінде Вашингтоннан қару-жарақ сатып алғаны үшін алғысын айтты.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Маусым 29, 2019 17:54 Asia/Almaty
  • Дональд Трамп Сауд Арабиясына АҚШ қару-жарағын сатып алуы үшін алғыс айтты

АҚШ Президенті Сауд Арабиясы тақ мұрагерімен кездесуінде Вашингтоннан қару-жарақ сатып алғаны үшін алғысын айтты.

«ИРНА» ақпарат агенттігінің мәліметінше, АҚШ Президенті Дональд Трамп пен Сауд Арабиясы тақ мұрагері Мұхаммад бен Салман  Осака қаласындағы G20 саммитінің аясында сенбі күні кездесіп, пікір алмасты. Трамп бұл кездесуде Сауд Арабиясының америкалық қаур-жарақты сатып алуына алғысын айтып, бен Салманды досы деп атап: «Мұхаммад бен Салманның Сауд Арабиясында іске асырған әрекеттері жақсы әрекеттер»,- деді.   Сауд Арабиясы – АҚШ-тың  ірі қару сатып алушыларының бірі. АҚШ Президенті бұдан бұрын саудиялық басшыларды «сауын сиыр» деп атап, АҚШ-тың қолдауы болмаса, саудиялық патшалық режимнің екі аптаның ішінде құлдырайтынын қуаттаған болатын.