Маусым 29, 2019 19:51 Asia/Almaty
  • Вена отырысы:   алға қадам жасалды, бірақ жеткілікті болмады

ИИР Сыртқы істер министрінің саяси істер жөніндегі орынбасары Венада өткен «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына қатысты ортақ комиссияның отырысын оң бағалап: «Алға жүретін қадам жасалғанымен, Иранның талаптары әлі де қамтамасыз етілмеді»,- деді.

 

Сейед Аббас Арақчи Австрия астанасы Венада журналистердің алдында INSTEX механизмінің күшіне енуіне тоқталып: «Иранның мұнайы сатып алынбай және INSTEX шынайы іске қосылмай, бұл қаржы механизм Иранның сұранысын қамтамасыз ете алмайды»,- деп қосты. «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына қатысты ортақ комиссияның отырысы Иранның еуропалық мемлекеттерге «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасындағы міндеттемелерін орындаулары үшін 60 күн мұрсат берген жағдайда өтті. Бұл мұрсат осы кезде аяқталуда және Вена отырысы Иранға кепілдік беріп, Еуропа үшін уәделерін орындаулары үшін соңғы мұрсат. «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы бойынша, Иранның сауда айналымы және мұнай сатуы ешбір қиындықсыз іске асырылуы керек. Осы кезде АҚШ-тың «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан шығуынан кейін бұл үдеріс қиындықтармен бетпе-бет келді. Еуропалықтар осы кезге дейін «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасында қарастырылған Иранның экономикалық мүдделерін қамтамасыз ете алмады, сондықтан Иран олар үшін екі айды белгіледі. Иранның «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасындағы міндеттемелерін азайту аталмыш келісімде қарастырылға шаралардың бірі. Иран бұл құқығын пайдаланып, екі міндеттемесінен бас тартты. Сондай-ақ Еуропа уәделерін іске асырмаған жағдайда, Иран келесі қадамын жасай алады.  Венада өткен «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына байланысты ортақ комиссия отырысы  Иранның басқа тараптарға бұл келісімге біржақты табанды  болып қала бермейтіні туралы соңғы ескертуін жасауынан ерекше маңызды отырыс болды. Саяси мәселелер маманы Корнила Мир «Әд-Джазире»  арнасының ағылышын тіліндегі бөліміне берген сұхбатында Венадаға «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына байланысты ортақ комиссия отырысы туралы: «Ирандықтар Венада еуропалықтарға келешекте «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасындағы міндеттемелеріне біржақт табанды қалмайтындары туралы жолдауды жеткізді»,- деді.  «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына байланысты ортақ комиссия отырыстың қорытынды мәлімдемесі мен аталмыш келісімнен шықпаған елдердің ұстанымына жасаған шолу отырыстың алға қадам басу деп бағаланғанымен, еуропалықтардың әлі де көптеген жұмыстарды іске асыруға міндетті екендерін көрсетті.

Вена отырысы саяси тұрғыдан америкалықтарға Вашингтонның «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына қатысты саясаттарын басқа тараптармен қабылданбайтынын анықтады. Вена отырысындағы уәделер «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының сақталуына кепілдік болып, еуропалықтар Америкасыз INSTEX арқылы Иран арасындағы сауда қарым-қатынастарын сақтай алады. INSTEX-тың дұрыс күшіне енбеуі салдарлармен бетпе-бет келеді. Сондықтан еуропалықтар әр жаңа өзгеріске жауапты. Иран АҚШ-тың «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан шығуының шығының жалғыз өтеуді өз мойнына алғысы келмейді.   

 

Тегтер