Рухани: Иран Қазақстанмен жан-жақты қарым-қатынастарын кеңейтуге мүдделік танытады
https://itolqyn.com/news/world-i4264-Рухани_Иран_Қазақстанмен_жан_жақты_қарым_қатынастарын_кеңейтуге_мүдделік_танытады
ИИР-ның Президенті Иран мен Қазақстанның жоғары дәрежелі делегацияларының отырысында Иранның Қазақстанмен барлық салалардағы, соның ішінде, экономикалық және саяси алаңдағы байланыстарын кеңейтіп, нығайтуға мүдделік танытатынын айтты.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Сәу 12, 2016 15:32 Asia/Almaty
  • Рухани: Иран Қазақстанмен жан-жақты қарым-қатынастарын кеңейтуге мүдделік танытады

ИИР-ның Президенті Иран мен Қазақстанның жоғары дәрежелі делегацияларының отырысында Иранның Қазақстанмен барлық салалардағы, соның ішінде, экономикалық және саяси алаңдағы байланыстарын кеңейтіп, нығайтуға мүдделік танытатынын айтты.

ИИР Президенті Хасан Рухани дүйсенбі күні Теһранда Қазақстан Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өткен Иран мен Қазақстанның жоғары деңгейлі делегацияларының отырысында Теһран-Астана қарым-қатынастарын достық, терең әрі оң бағалап, Иран мен Қазақстанның жан-жақты ынтымақтастықтарын бұрынғыдан бетер нығайту және дамыту үшін екі елдің ауқымды мүмкіндіктері мен қабілеттерін пайдалану қажеттігін қуаттады.

Рухани Иран мен Қазақстанның екіжақты, аймақтық және халықаралық көптеген мәселелерге қатысты ортақ пікірге ие екенін айтып: "ИИР-ның Қазақстанмен қатынастарды дамыту және кеңейтуге деген ерік-жігері берік. Теһран осы жолда бар күшін салады" деді.

ИИР Президенті Каспий теңізінің маңыздылығына тоқталып, Иран мен Қазақстанның қоршаған ортаны қорғау, тасымал, кеме жүргізу және оның құқықтық режимі салаларындағы талпыныстары мен үйлестіру жұмыстарын қуаттады.

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев та осы отырыста Иран мен Қазақстанның жеке меншік және үкіметтік бөлімдері арасында ынтымақтастық келісімдеріне қол қойылуына тоқталып, екі елдің қарым-қатынастары мен байланыстарын кеңейтуді қуаттады.