Трамп Тереза Мэймен Иран туралы сөйлесті
https://itolqyn.com/news/world-i42642
Ақ Үй сенбі күні мәлімдеме жариялап, ел президенті Дональд Трамптың Британия премьер-министрі Тереза Мэймен Иран туралы сөйлескенін хабарлады. Бұл туралы IRNA агенттігі хабарлайды.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Шіл 07, 2019 11:02 Asia/Almaty
  • Трамп Тереза Мэймен Иран туралы сөйлесті

Ақ Үй сенбі күні мәлімдеме жариялап, ел президенті Дональд Трамптың Британия премьер-министрі Тереза Мэймен Иран туралы сөйлескенін хабарлады. Бұл туралы IRNA агенттігі хабарлайды.

Трамп пен Тереза Мэй телефон сұхбатында Иран тақырыбынан басқа екіжақты байланыстар мен басқа мәселелер, соның ішінде Сирияға жаңадан санкция салу мен Солтүстік Кореяны қарусыздандыру туралы да кеңескен.

Трамп пен Тереза Мэй Иран Еуропаға «Ортақ қадам» келісіміндегі міндеттерін орындау үшін берген екі айлық мұрсат аяқталар қарсаңында сөйлесті. Иранның Еуропаға берген екі айлық мұрсаты бүгін, жексенбі күні аяқталады.

«Ортақ қадам» келісімінің 26, 36-баптарына сәйкес, қарсы тарап міндеттеріне табанды болмаған жағдайда, Иранның келісімдегі өз міндеттерін толық немесе ішін-ара тоқтатуға хақысы бар.