Шіл 07, 2019 11:23 Asia/Almaty
  • Испаниядағы халықаралық ойындарда Иран командасы 138 медаль алды

Иран командасы Испанияда өтіп жатқан жұмысшылардың халықаралық ойындарының алтыншы кезеңінде ұзын-ырғасы 138 медаль алды.

Бұл туралы IRNA агенттігі хабарлайды. Жұмысшылар спортының халықаралық ойындарының алтыншы кезеңі шілде айының екісі күні Испанияның Тортоса қаласында басталды. Әлемнің 42 елінен келген 3000 спортшы алты күн бойы жарысады.

Иранның спорт командасы аталмыш ойындарда осы уақытқа дейін 61 алтын, 48 күміс, 29 қола медаль алып, жалпы саны 138 медальді қоржынына салды. Бүгін, жексенбі күні аяқталатын ойындарда Иранның спорт керуені  140 спортшысымен 9 сала бойынша 16 командамен қатысып жатыр.

 

Тегтер