Франция, Германия және Британияның «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына байланысты мәлімдемесі
Франция, Германия және Британия: «Иранның «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы бойынша әрекеттеріне байланысты қазіргі мәселелер бұл келісімге қол қойған елдермен шешілуі керек»,- деп жариялады.
Франция, Германия және Британия сәрсенбі кешке мәлімдемесін шығарып, Иранның «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасындағы міндеттемелерін азайтуы бойынша әрекеттеріне байланысты мәселелер ортақ комиссияның төтенше отырысында шешілуі керектігін қуаттады. Бұл еуропалық үш мемлекет Ираннан «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасындағы міндеттемелерін азайтуын тоқтатуды сұрап, Иранның уран байыту деңгейі мен байытылған уран қорын арттыруын алаңдататын мәселе екені туралы жариялады.
Еуропалықтарға берген 60 күнінің аяқталуы және Еуропаның «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасындағы міндеттемелерін орындамауына байланысты Иран аталмыш келісімнің 26 және 36-шы баптары бойынша уран байыту деңгейін арттыруын хабарлады.