Трамп ядролық мәселеге байланысты Иранға қарсы уәжін қайталады
https://itolqyn.com/news/world-i42682
АҚШ Президенті Иранға қарсы дұшпандық әрі негізсіз ұстанымын қайталап: «Иран жасырын түрде уран байытуымен айналысады»,- деді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Шіл 11, 2019 16:44 Asia/Almaty
  • 
Трамп ядролық мәселеге байланысты Иранға қарсы уәжін қайталады

АҚШ Президенті Иранға қарсы дұшпандық әрі негізсіз ұстанымын қайталап: «Иран жасырын түрде уран байытуымен айналысады»,- деді.

 

«Фарс» ақпарат агенттігінің мәліметінше, Дональд Трамп Иран туралы твитінде: «Иран біраз уақыттан бері АҚШ-тың бұрынғы Мемлекеттік хатшысы Джон Кери мен Президенті Барак Обаманың келісімімен жасалған үрейлі 150 миллиард долларлық келісімді толық бұзып, жасырын түрде уран байытумен айналысуда.  Жуырда Иранға қарсы санкциялар артады»,- деп жазды.

Трамптың Иранның жасырын уран байытуы туралы бос сөздері АҚХА 15 мәлімдемесінде Иранның ядролық келісімге толық табанды екенін растаған жағдайда айтылуда.