Шіл 17, 2019 17:15 Asia/Almaty
  • Ирандық спортшы Пара пауэрлифтингтен Әлем чемпионатының алтын медаліне иеленді

Иранның 80 кг салмақтағы зілтеміршісі Қазақстандағы Пара пауэрлифтингтен Әлем чемпионатының алтын медаліне иеленді.

ИРНА ақпарат агенттігінің мәліметінше, Иранның зілтеміршісі  Рухолла Рустами сейсенбі күні  236 кг салмақты көтеріп, Иран керуенінің бірінші алтын медаліне иеленді. Бұл салмақта Қытай мен Мысыр зілтеміршілері екінші және үшінші орында орналасты. Сондай-ақ 72 кг салмақ тобында Иранның спортшысы 202 кг салмақты көтеріп, күміс медальді жеңіп алды. Пара пауэрлифтингтен Әлем чемпионаты 78 елдің 441 спортшысының қатысуымен 12 шілдеде Нұр-Сұлтан қаласында басталды.

 

Тегтер