АҚШ ирандық ұшқышсыз ұшақты құлатуы туралы уәжденді
https://itolqyn.com/news/world-i42755
АҚШ Президенті мен Пентагон Парсы шығанағында ирандық ұшқышсыз ұшақты құлатқаны туралы уәжденді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Шіл 19, 2019 14:50 Asia/Almaty
  • АҚШ ирандық ұшқышсыз ұшақты құлатуы туралы уәжденді

АҚШ Президенті мен Пентагон Парсы шығанағында ирандық ұшқышсыз ұшақты құлатқаны туралы уәжденді.

«Рейтерстің» мәліметінше, Дональд Трамп бейсенбі кешке АҚШ-тың Boxer кемесінің «Ормуз бұғазысына жақын жерде ирандық ұшқышсыз ұшақты құлатқаны туралы жариялады. Пентагон да бейсенбіде өз мәлімдемесінде: «АҚШ-тың Boxer кемесі Ормуз бұғазысында өтіп бара жатқан кезде оған бір километрге жақындаған ұшқышсыз ұшақты нысанаға алды»,- деді. Пентагон өз мәлімдемесінде бұл ұшқышсыз ұшақты қай елдікі екенін анықтамады. Нью-Йоркке сапарымен аттанған Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф  Ормуз бұғазысындағы ұшқышсыз ұшақтың құлатылуы туралы сұраққа: «Ұшқышсыз ұшақтың құлатылғаны туралы мәліметіміз жоқ»,- деді.