АҚШ Иранның 5 азаматы мен 7 компаниясына қарсы санкция енгізді
(last modified Fri, 19 Jul 2019 09:24:40 GMT )
Шіл 19, 2019 15:24 Asia/Almaty
  • АҚШ Иранның 5 азаматы мен 7 компаниясына қарсы санкция енгізді

АҚШ Қаржы министрлігі Иранның қарапайым азаматтарына қарсы дұшпандық әрекеттерін жалғастырып, біржақты санкцияларды бұзуларымен айыптап, 5 азаматы мен 7 компаниясына қарсы санкция енгізді.

ИРНА ақпарат агенттігінің мәліметінше, Вашингтонның соғыс палатасына айналған АҚШ Қаржы министрлігінің шетелдік активтерді бақылау орталығы бейсенбідегі мәлімдемесінде: «Бұл адамдар мен компаниялар Иранның ядролық жұмыстарына қажет маңызды құрамдарын қамтамасыз етеді. Санкция енгізілгендер Иранда, Қытай мен Бельгияда орналасып, Иранның Атом қуаты ұйымының қарамағындағы центрифугаларды шығару жұмыстарына маңызды рөль атқаратын центрифугалар технологиясы компаниясымен ынтымақтастық еткен»,- деді.