Аргентинаның Хизболлаға қарсы әрекетін сионистік режим қолдады
Аргентинаның Ливанның Хизболласына қарсы әрекетін сионистік режим қолдады.
Сионистік режимнің сыртқы істер министрі Исраиль Кац Твиттерінде Аргентинаның Хизболлаға қарсы әрекетіне реакция білдіріп, Аргентина Хизболланы лаңкес деп жариялауынан тек бір сағаттан кейін бұл әрекетті «маңызды шешім» деп атады. Сионистік режимнің Сыртқы істер министрі Аргентинаның әрекетін қолдап: «Израиль Аргентина Президенті Маурисио Максриді Хизболланы лаңкес деп жариялау шешімімен құттықтайды»,- деп жазды. Маурисио Максри басқаратын Аргентинаның қазіргі үкіметі сионистік режим, АҚШ және Парсы шығанағының кейбір елдерімен жақын қарым-қатынас орнатып, бұдан бұрын Хизболланы лаңкес деп жариялау уәдені берген болатын.