Зариф: Америка әлемнің бейбітшілігін қатерге тіреді
(last modified Sun, 21 Jul 2019 08:49:40 GMT )
Шіл 21, 2019 14:49 Asia/Almaty
  • Зариф: Америка әлемнің бейбітшілігін қатерге тіреді

Иран Сыртқы істер министрі Зариф Американың біржақты авантюристік әрекеттері жаңа толқынының халықаралық деңгейде заңның күшін әлсіретіп жатқанын мәлімдеді.


Мохаммад Джавад Зариф сенбі күні Венесуэла астанасы Каракаста өткен Қозылмау қозғалысы Сыртқы істер министрлерінің саммитында сөйлеген сөзінде халықаралық серіктестіктерге көптеген салалар бойынша, әсіресе еркін сауда, қоршаған орта, заңның үстемдігі, халықаралық ұйымдар мен тағы басқа көптеген жайттарда бұрын-соңды болмаған дәрежеде соққы жасалып жатқанын, Америка одақтастарының ішкі істеріне араласушылық саясатымен бетпе-бет келіп отырғанын айтып: «Америка «Ортақ қадам» келісімін жою талпынысында Қауіпсіздік кеңесінің қарарларын бұзуымен қатар осы келісімде қалуға өздерін міндетті санайтын елдерге де санкция салды»,- деді.

Зариф ИИР-ның Американың біржақты жаңа талап-тілектерімен қарсыласудың алдыңғы шебінен көрініп жүргенін айтып: «Американың Венесуэла істеріне әшкере араласуы, әсіресе сәуір айындағы әскери көтеріліске қатысты талпыныстарды демеуі – Американың қараниет қатынасының келесі үлгісі» деді.