Трамп Америка Конгресіндегі әйелдерге тағы тіл тигізді
(last modified Sun, 21 Jul 2019 09:55:59 GMT )
Шіл 21, 2019 15:55 Asia/Almaty
  • Трамп Америка Конгресіндегі әйелдерге тағы тіл тигізді

Америка президенті Трамп Конрестегі қара нәсілді төрт әйелге қарсы жуырда айтқан нәсілшіл сөздерінің сынға ұшырағанына көңіл аудармастан, оларға тағы тіл тигізді.

Америка Конгресіне қарайтын Hill ақпарат торабының хабарлауы бойынша, Дональд Трамп Twitter желісіндегі үш жолдауында Конгресс өкілдері Александра Окасио Кортез бен Илхан Омар, Рашида Талеб пен Аянна Пресслиді америкалықтар мен еврейлерге қарсы деп атады.

Трамп Конгрестегі қара нәсілді өкіл әйелдерге арнап: «Көп адамдар дұрыс болды дейді. Бірақ, дұрыс па, бұрыс па, білмеймін, сіздерге мынаны айта аламын: менің президенттігім кезінде еліміз туралы былай сөйлей алмайсыздар» деді.

Американың Өкілдер палатасы сенбі күні кешке Трампқа қарсы қарар қабылдап, оның нәсілшіл сөздерін айыптады.