Еуропалық төрт мемлекет Израильдің палестиналықтардың үйлерін қиратуына реакция білдірді
(last modified Wed, 24 Jul 2019 11:54:06 GMT )
Шіл 24, 2019 17:54 Asia/Almaty
  • Еуропалық төрт мемлекет Израильдің палестиналықтардың үйлерін қиратуына реакция білдірді

Еуропалық төрт мемлекет, атап айтқанда Франция, Британия, Германия мен Испания Израильдің палестиналықтардың Құдстегі үйлерін қиратуын айыптады.

 

"Фарс" ақпарат агенттігінің мәліметінше, Франция, Британия, Германия мен Испания үкіметтері ортақ мәлімдемесінде сионистік режимнің палестиналықтардың Құдстегі үйлерін қиратуларын айыптауларымен бірге, Израильдің бұл әрекетінің қатерлі екенін және Палестина-Израиль қайшылығын шешуге кедергі болатынын ескертті. Бұл еуропалық төрт мемлекет қалашықтар құрылысын жүргізуге тыйым салынған аймақтардағы үйлерді қирату әрекеттің халықаралық заңдарға қайшы екенін қуаттады.

Сионистік режим дүйсенбі, таңертең Құдстың оңтүстік-шығысындағы Сурбахир қаласының Вади әл-Хомс аймағындағы палестиналықтардың шамамен 100 пәтерін қиратуды бастады. Айтулар бойынша, бұл пәтерлерден басқа тағы 225 пәтер қиратылады.