Трамп саудиялық коалицияның Йемендегі қылмыстарын қолдап, екінші рет вето жариялады
https://itolqyn.com/news/world-i42825
АҚШ Президенті Дональд Трамп сәрсенбі күні кешке осы ел Конгресінің Сауд Арабиясы мен БАӘ-ге шұғыл түрде қару сатудың алдын алуды сұраған үш қарарына вето жариялады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Шіл 25, 2019 14:33 Asia/Almaty
  • Трамп саудиялық коалицияның Йемендегі қылмыстарын қолдап, екінші рет вето жариялады

АҚШ Президенті Дональд Трамп сәрсенбі күні кешке осы ел Конгресінің Сауд Арабиясы мен БАӘ-ге шұғыл түрде қару сатудың алдын алуды сұраған үш қарарына вето жариялады.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, АҚШ Конгресі Трамп ветосының күшін жою үшін сенаторлардың үштен екі дауысын жинауы керек. Кейбір республикашылдардың Трамптың Сауд Арабиясына қатысты сыртқы саясатын қолдайтынын ескерсек, басым дауысқа ие болу ықтималы өте аз.

Трамп үкіметі бұдан бұрын  Иранмен текетірестің күшейгенін сылтауратып, төтенше жағдай жариялап, Конгресс комитеттеріне Сауд Арабиясы, БАӘ мен Иорданияға құны 8 млрд доллардан асатын әскери қару-жарақтар сатуға ниеттеніп отырғанын жариялаған болатын.

Бұл Трамптың саудиялық коалицияның Йемендегі қылмыстарын қолдау үшін қабылдаған екінші ветосы болып отыр.