Нетаньяху АҚШ заң шығарушыларының "Израильге байкот жариялау" қозғалысына қарсы шыққанына ризалық білдірді
Сионистік режимнің Премьер-министрі сәрсенбі күні Twitter-дегі жеке парақшасында АҚШ заң шығарушыларына "Израильге байкот жариялау, санкция салу және инвестиция салмау" (BDS) атты халықаралық қозғалысқа қарсы шыққанына алғыс білдірді.
Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Беньямин Нетаньяху Twitter-дегі жеке парақшасында: "АҚШ Өкілдер палатасының бұл шарасы Вашингтонның Израильді қолдайтынын көрсетеді",-деп жазды.
АҚШ-тың Өкілдер палатасы сәрсенбі күні кешке орындалуы міндетті емес қарар қабылдап, "Израильге байкот жариялау, санкция салу және инвестиция салмау" (BDS) атты халықаралық қозғалысқа қарсылығын жариялады.
Қарар 398 оң және 17 теріс дауыспен АҚШ Өкілдер палатасында бекітілді. Бұл қарарда "Израильге байкот жариялау" қозғалысының сионистік режимді заңдылықтан айыруға талпынып жатқаны айтылған.
Бұл қарар наурыз айында АҚШ Конгресінің мұсылман өкілі Ильхан Омардың AIPAC сионистік лоббиінің америкалық саясаткерлер арасына еніп, оларға ықпал етіп отырғанын сынағаннан кейін таныстырылды.
АҚШ – Израильдің Палестина жерін басып алып, оның халқына қарсы қылмыстар жасауын қолдап отырған басты ел.