Помпео Теһранға сапар шегуге дайын екенін жариялады
(last modified Fri, 26 Jul 2019 09:12:02 GMT )
Шіл 26, 2019 15:12 Asia/Almaty
  • Помпео Теһранға сапар шегуге дайын екенін жариялады

АҚШ Мемлекеттік хатшысы елінің сыртқы саясатының жолдауын жеткізу үшін Теһранға сапар шегуге дайын екенін жариялады.

Майк Помпео жұма таңертең «Bloomberg» арнасына берген сұхбатында: «Иран халқымен Дональд Трамп үкіметінің сыртқы саясаты туралы сөйлесу үшін Теһранға сапар шеккім келеді»,- деді. АҚШ Қорғаныс министрі Марк Эспер де сәрсенбі күні ешбір шартсыз Теһранмен келіссөз жүргізуге дайын екенін жариялады.

АҚШ басшылары Иранға сапар шегу және келіссөз туралы уәждерін Трамп үкіметі ядролық мәселеге байланысты келісімнен біржақты шығып, мұнай санкцияларын қайтарып, Иран халқына қарсы қысымды арттыру саясатын жүрізіп, заңсыз санкцияларын енгізіп отырған жағдайда айтуда.