Владимир Путиннің Ресейдегі танымалдығы жалғасуда
Шіл 27, 2019 20:06 Asia/Almaty
Ресейде жүргізілген сауалнамалардың нәтижесі халықтың бұл ел үкіметі мен Президентке риза екенін көрсетті.
"Спутник" ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Ресейдің қоғамдық пікірді зерттеу орталығының (VCIOM) жаңа сауалнамаларының нәтижесі сенбі күні жарияланды. 65 пайыздан аса халық Ресей Президенті Владимир Путиннің жұмысына ризашылық білдірді.
Бұл сауалнамада Путин 31 пайызбен бірінші орында, одан кейін Ресейдің Қорғаныс министрі Сергей Шойгу 13 пайызбен екінші орында, Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров 10 пайызбен үшінші орында тұр. Путиннен кейін ресейліктер осы саяси тұлғаларға сенім білдіреді екен.
Сауалнама телефон арқылы жүргізілді.
Тегтер