Зариф Трампқа: Ирандықтар басқыншылардың бәрінен басым түскен
(last modified Wed, 31 Jul 2019 07:16:57 GMT )
Шіл 31, 2019 13:16 Asia/Almaty
  • Зариф Трампқа: Ирандықтар басқыншылардың бәрінен басым түскен

Иран Сыртқы істер министрі АҚШ Президентіне: «Иран өзінің бірнеше мыңжылдық тарихында көптеген басқыншылардың бетін қайтарған»,-деді.

АҚШ Президенті Дональд Трамп сейсенбі күні таңертең Twitter‑дегі жеке парақшасында: «Естеріңізде болсын, ирандықтар бірде-бір соғыста жеңбеді, бірақ ешқашан ешбір келіссөзде жеңілмеді»,‑деп жазба қалдырды.

Мұхаммад Джавад Зариф сейсенбі күні Twitter‑дегі жеке парақшасында: «АҚШ Вьетнам соғысынан кейінгі Батыс Азия аймағындағы өзінің ең үлкен жеңілісінде 7 трлн доллар мен өзен‑өзен қан жоғалтты»,‑деп жазды.

Зариф Трамқа: «Тарих «Б» тобының үздіксіз соғысқұмарлығын қабылдамайды. Дипломатия дегеніміз рационализм, ол ешқашан әлсіздік деген мағына бермеген»,‑деп жазды.

Иран Сыртқы істер министрі, сондай‑ақ, осы жазбаға қосып, Трамп уәждерінің Джон Болтонның 2017 жылы 11 қыркүйекте бір америкалық ақпарат құралында басылып шыққан мақаласының бір бөлігі екенін көрсететін сурет жариялады.