Шіл 31, 2019 17:53 Asia/Almaty
  • Ирандық спортшы таэквондодан халықаралық турнир-фестивальде алтын жүлде жеңіп алды

Ирандық таэквондошы Ләйла Кешаварзи Оңтүстік Кореяда өткен "Ханмаданг" халықаралық турнир-фестивалінде алтын жүлде алды.

Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауынша,  бұл ирандық спортшы "тью юб чаги" тәсілі бойынша 3 метр 40 см-ге секіріп, әлемдік рекорд жасап, "Kukkiwon" дүниежүзілік федерациясы тарапынан "Құс қанаты" атанып, алтын жүлдеге ие болды.

Кешаварзи дүйсенбі күні "нупи чаги" тәсілінде аяғы сынса да, сейсенбі күні сайыс алаңына шықты.

"Тью юб чаги" тәсілі бойынша тағы бір ирандық спортшы қыз Дүния Фарахманд өнер көрсетіп, қола жүлде алды.

Тегтер