Қазақстанда Сирия бейбіт келіссөздерінің он үшінші кезеңі басталды
Там 01, 2019 17:05 Asia/Almaty
Сирия бейбіт келіссөздерінің он үшінші кезеңі атысты тоқтату бітіміне кепілгер елдер, соның ішінде Иранның қатысуымен бүгін, бейсенбі Қазақстанның астанасы Нұр-Сұлтанда басталып, екі күнге созылады.
"Astana Times" газетінің хабарлауынша, Сириядағы атысты тоқтату бітіміне кепілгер елдер ретіндегі Иран, Түркия мен Ресейдің өкілдері Сирия үкіметі мен оппозиционерлерінің өкілдерімен бірге Қазақстан отырысына қатысып жатыр.
Қазақстан СІМ-нің хабарлауынша, осы күнге кейін барлық тараптар Сирия бейбіт келіссөздерінің он үшінші кезеңіне қатысуға әзірліктерін жариялаған.
Ирак пен Ливанның өкілдері де бақылаушы ретінде осы отырысқа қатысады.
Тегтер