Гутерреш АҚШ-тың Зарифке салған санкциясына реакция білдірді
https://itolqyn.com/news/world-i42925-Гутерреш_АҚШ_тың_Зарифке_салған_санкциясына_реакция_білдірді
БҰҰ Бас хатшысы АҚШ-тың Иран Сыртқы істер министріне санкция салғанына реакциясында бейтарап ұстаным білдіріп, тараптарды барынша ұстамды болуға шақырды.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Там 02, 2019 17:12 Asia/Almaty
  • Гутерреш АҚШ-тың Зарифке салған санкциясына реакция білдірді

БҰҰ Бас хатшысы АҚШ-тың Иран Сыртқы істер министріне санкция салғанына реакциясында бейтарап ұстаным білдіріп, тараптарды барынша ұстамды болуға шақырды.

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Антониу Гутерреш бейсенбі күні баспасөз конференциясында АҚШ-тың Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зарифке қарсы санкциясына қатысты сұраққа жауабында: "Барынша ұстамдылық деп айтып отырғаным, барлық сатыда ұстамдылық сақтау деген мағынаны білдіреді",-деді.

Сондай-ақ, Германия СІМ өз мәлімдемесінде  АҚШ-тың Иран Сыртқы істер министріне қарсы санкциясын дипломатиялық шешім жолдарын бұзу деп атап: "Германия, Франция мен Ұлыбританияның Сыртқы істер министрлері ұдайы Мұхаммад Джавад Зарифпен байланыста және мұны жалғастыра береді",-деп мәлімдеді.

Франция СІМ өз мәлімдемесінде АҚШ-тың бұл шарасына алаңдаушылық білдіріп, қайшылықтардың дипломатиялық жолдармен шешілуін талап етті.

Ресей СІМ-нің ақпарат хатшысы да Иран Сыртқы істер министрінің санкцияға ұшырауына реакциясында: "Вашингтон дипломатиясында санкциядан басқа құрал жоқ. АҚШ-тың санкцияларында ешқандай салмақ қалмады",-деді.