Гутерреш АҚШ-тың Зарифке салған санкциясына реакция білдірді
БҰҰ Бас хатшысы АҚШ-тың Иран Сыртқы істер министріне санкция салғанына реакциясында бейтарап ұстаным білдіріп, тараптарды барынша ұстамды болуға шақырды.
Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Антониу Гутерреш бейсенбі күні баспасөз конференциясында АҚШ-тың Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зарифке қарсы санкциясына қатысты сұраққа жауабында: "Барынша ұстамдылық деп айтып отырғаным, барлық сатыда ұстамдылық сақтау деген мағынаны білдіреді",-деді.
Сондай-ақ, Германия СІМ өз мәлімдемесінде АҚШ-тың Иран Сыртқы істер министріне қарсы санкциясын дипломатиялық шешім жолдарын бұзу деп атап: "Германия, Франция мен Ұлыбританияның Сыртқы істер министрлері ұдайы Мұхаммад Джавад Зарифпен байланыста және мұны жалғастыра береді",-деп мәлімдеді.
Франция СІМ өз мәлімдемесінде АҚШ-тың бұл шарасына алаңдаушылық білдіріп, қайшылықтардың дипломатиялық жолдармен шешілуін талап етті.
Ресей СІМ-нің ақпарат хатшысы да Иран Сыртқы істер министрінің санкцияға ұшырауына реакциясында: "Вашингтон дипломатиясында санкциядан басқа құрал жоқ. АҚШ-тың санкцияларында ешқандай салмақ қалмады",-деді.