АҚШ: INF-тен шыққаннан кейін зымырандардың жаңа түрін дамытамыз
АҚШ Қорғаныс министрлігі жұма күні кешке: "Вашингтон орта қашықтыққа арналған ядролық зымырандарға тыйым салу келісімінен (INF) шыққаннан кейін бұл ел зымырандардың жаңа түрін дамытады",-деп мәлімдеді.
Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Пентагон: "АҚШ жерден атылатын зымырандарды дамытуды көздеп отыр. Бұдан бұрын INF келісімі бойынша мұндай зымырандарға тыйым салынған болатын",-деп еске салды.
АҚШ Мемлекеттік хатшысы Майк Помпео жұма күні бұл елдің ресми түрде INF келісімінен шыққанын хабарлады.
Ресей СІМ жұма күні АҚШ-тың бұл шарасын үлкен қателік деп атады.
ИИР Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф АҚШ-қа экономикалық терроризмге бет бұрып, халықаралық келісімдерден шығудың орнына әлемдегі жаңа жағдайға бейімделуге кеңес берді.