Зариф: Трамппен кездесу ұсынысын қабылдамап едім, санкцияға ұшырадым
ИИР Сыртқы істер министрі өзінің өткен айдағы Нью-Йоркке сапарына тоқталып: "Бұл сапарда маған Трамппен кездесу ұсынысын қабылдамасам, екі аптаның ішінде санкцияға ұшырайтыным айтылды",-деді.
Мұхаммад Джавад Зариф дүйсенбі күні баспасөз отырысында америкалықтардың сөз бостандығы туралы уәж айтқанымен оған сенбейтінін айтып: "Келіссөз бен дипломатия ешқашан аяқталмайды, өз жұмысын жалғастыра береді",-деді.
Зариф, сондай-ақ, АҚШ-тың жазықсыз халқының атыс-шабыс, зорлық-зомбылық пен қатігездік мәдениетіне душар болып отырғанын айтып: "Соғысты шешім жолы деп қарастыратын мәдениет сәтті болмайды. Егер АҚШ заң бұзушылықтан бас тартса, барлық қиындықтары шешіледі",-деді.
Иран Сыртқы істер министрі, сондай-ақ, АҚШ-тың "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасынан шыққанына және еуропалықтардың өз міндеттемелерін орындауда уәде бұзушылықтарына тоқталып: "Иран ядролық келісім аясында үшінші қадам жасайды. Бұл шара "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасынан шығу дегенді білдірмейді",-деді.
Зариф Ауғанстан бейбітшілігі келіссөздеріне тоқталып: "Кез келген шешім жолы Ауғанстан үкіметінің қатысуымен болуы керек. Иран сырттан Ауғанстанға таңылатын тәсілге қарсы",-деді.