Қазақстанда Иранның қатысуымен әлем армияларының жарысы басталды
Там 07, 2019 19:07 Asia/Almaty
2019 жылдағы әлем армияларының халықаралық жарысы әртүрлі елдердің, соның ішінде ИИР қатысуымен Қазақстанның Жамбыл облысының Отар әскери полигонында басталды.
Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, бұл жарыс үш салада – артиллерия, ұшқышсыз ұшақтар және арнайы барлау күштері бөлімдерінде өткізіледі.
Бұл жарысқа әлемнің 13 елінен 21 команда қатысады. Соның ішінде Әзірбайжан, Армения, Беларус, Венесуэла, Зимбабве, Иран, Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Ресей, Сирия, Тәжікстан және Өзбекстан бар.
Биыл жарыстың ашылу рәсімі 3 тамызда Ресей астанасы Мәскеудің "Алабина" спорт кешенінде өтті. Жарыс 17 тамызға дейін 10 елдің 21 әскери жаттығу алаңдарында өтіп, әскерилер 32 салада бәсекеге түседі.
Тегтер