Ирандық студенттер Үндістанның Теһрандағы елшілігінің алдында наразылық жиынын өткізді
(last modified Fri, 09 Aug 2019 11:44:15 GMT )
Там 09, 2019 17:44 Asia/Almaty
  • Ирандық студенттер Үндістанның Теһрандағы елшілігінің алдында наразылық жиынын өткізді

Ирандық студенттер Үндістанның бақылауындағы Кашмирде мұсылмандардың өлтірілуіне наразылық білдіру үшін осы елдің Теһрандағы елшілігінің алдына жиналды.

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, шерушілер бейсенбі күні қолдарына плакат ұстап шығып, Үндістан үкіметінің мұсылмандарға қарсы шараларын айыптап, оларды тоқтатуды сұрады.

Ирандық студенттер, сондай-ақ, халықаралық қауымдастықтан Үндістанның бақылауындағы Кашмирде тұратын мұсылмандардың жағдайына қарауды сұрады.

БҰҰ Бас хатшысы Үндістан мен Пәкістанды екі ел арасында туындаған шиеленісті жағдайда ұстамдылық танытуға шақырды.

Антониу Гутеррештің ақпарат хатшысы бейсенбі күні кешке жасаған мәлімдемесінде Үндістан мен Пәкістанға ұстамдылық сақтауға кеңес беріп, Кашмир мәселесі туралы: "БҰҰ-ның Джамму мен Кашмир туралы ұстанымы осы ұйымның жарғысы мен Қауіпсіздік кеңесінің қарарларына сәйкес келеді",-деді.

Үндістанның кашмирліктерге қатысты жуырдағы шаралары мен шектеулері Нью-Дели мен Исламабад арасында шиеленістің арта түсуіне себеп болды.