Ислам революциясының жетекшісі: Ислам әлемі таңдаулыларының басты міндеті – халықтарға қажылық дәрістерін жеткізу
(last modified Sat, 10 Aug 2019 11:54:26 GMT )
Там 10, 2019 17:54 Asia/Almaty
  • Ислам революциясының жетекшісі: Ислам әлемі таңдаулыларының басты міндеті – халықтарға қажылық дәрістерін жеткізу

Хазірет аятолла Хаменеи әл-Харам мешітін зиярат етушілерге жолдауында ислам әлемі таңдаулыларының басты міндетінің халықтарға қажылық дәрістерін жеткізу екенін баса айтты.

Fars ақпарат агенттігінің имам және жетекшілік бөлімінің хабарлауынша, хазірет аятолла Хаменеи әл-Харам мешітін зиярат етушілерге жолдауында АҚШ бастаған үстемшілдердің күпірлігін ақтауды жапа шеккендерді қырып-жою және соғысқұмарлықты ақтау деп атап, ДАИШ пен АҚШ-тың Black Water сияқты лаңкестік ошақтарды айыптауды ислам үмбетінің бала өлтіргіш сионистік режим, оның демеушілері мен көмекшілеріне сұс көрсетуі және АҚШ пен оның көмекшілерінің Батыс Азия мен Солтүстік Африка стратегиялық аймағындағы соғысқұмарлығын айыптау деп атап, Палестина мәселесінің мұсылмандардың бүкіл саяси мәселелерінің басында тұрғанын айтып: "Залым АҚШ пен оның сатқын одақтастары тарапынан ұсынылып отырған "Ғасыр мәмілесі" жобасы – адамзат баласына қарсы жасалып отырған қылмыс. Барлықтарыңызды дұшпанның осы әккі жобасының жеңіліс табуында белсенді рөл атқаруға шақырамыз. Алланың қолдауымен үстемшілдердің қарсыласу қозғалысының иманы мен талпынысына қарсы осы және басқа да айла-шарғыларын жеңіліске ұшыратамыз",-деп еске салды.

Бүгін таңертең Вали-е факиһтің қажылық және зиярат істері жөніндегі өкілі әрі ирандық қажылардың жетекшісі худжат ул-ислам уәл-муслимин Навваб Ислам революциясы жетекшісінің жолдауын Арафа даласында оқып берді. Мәтіннің толық нұсқасы мынадай:

Алланың атымен!

 بسم الله الرحمن الرحیم

وَ الحَمدُلِلّهِ رَبِّ العالَمین وَ صَلَّی اللهُ عَلی رَسولِهِ الکَریمِ الاَمین، مُحَمَّدٍ خاتَمِ النّبییّن، وَ عَلی آلِهِ المُطَهَّرین سیَّما بَقیَّة‌ِاللهِ فِی‌الاَرَضین، وَ عَلی اَصحابِهِ المُنتَجَبین وَ مَن تَبِعَهُم بِاِحسانٍ اِلی یَومِ الدّین

 

Жыл сайын қажылық маусымы – Алла тағаланың ислам үмбетіне рақымын төгетін мезгіл. Құрандағы халықты қажылыққа шақыру («وَ اَذِّن فِی النّاسِ بِالحَجّ») тарих бойында баршаны осы рақымшылық дастарханына шақырып келеді. Онда Құдайын іздеген әрбір жан мен жүрек және олардың ақылды санасы мен ойы Алланың берекесінен нәр алады. Жыл сайын қажылық дәрістері мен тағылымдары "қажы" атанған жамағат арқылы ислам әлемінің түкпір-түкпіріне жетеді. Қажылықта жеке тұлға мен қоғамды тәрбиелеу, дамыту және жоғарылатудағы басты элемент болып табылатын еске алу (зікір) мен ғибадаттың эликсирі біртұтас үмбеттің символы саналатын бірлік пен бірауыздылықтың жанында және бір орталықты айналумен бірге үмбеттің таухид-Алла бірлігі негізіндегі талпынысы мен әрекетінің құпиясы саналатын ортақ мақсатқа барар жолда қозғалуы, қажылық рәсімдерін орындаушылардың бірдейлігі, кемсітушіліктерді алып тастап, баршаға бірдей мүмкіндік беру, айырмашылықтарды алып тастау – осының барлығы ислам қоғамының негізгі тіректерінің жиынтығын шағын қалыпта көрсетеді. Қажылық рәсімдердегі ихрам кию, тәуіп ету, талпыныс жасау, тоқтау, жүру, жүгіру исламның өзіне сүйінішті қоғамның бір бөлігін көрсеткен символдық ишара ғана. Бір-бірінен алыс елдер мен аймақтар халықтары арасында біліммен және бар нәрсемен алмасу, білім мен тәжірибені арттыру, бір-бірінің хал-жағдайынан хабардар болу, қате түсініктерді жою, жүректерді жақындату, ортақ дұшпандарға қарсы түру үшін күш-қуат жинау – қажылықтың өмірлік маңызы бар зор жетістігі. Жүздеген бас қосу мен форумда мұндай жетістікке жете алмайсың. Тазару рәсімі – кез келген замандағы рақымсыздық, қанаушылық, сұрықсыздық пен жемқорлықтың бәріне жиіркеніш білдіру, кез келген дәуірдегі үстемшілдердің күш көрсетуі мен баж алуына қарсы тұру деген мағынаны білдіреді. Бұл рәсім – қажылықтың үлкен берекелерінің бірі және жапа шеккен мұсылман халықтарға берілген мұрсат.

Бүгінде АҚШ бастаған үстемшілдердің күпірлігін ақтау жапа шеккендерді қырып-жою және соғысқұмарлықты ақтау деген сөз,  ДАИШ пен АҚШ-тың Black Water сияқты лаңкестік ошақтарды айыптау ислам үмбетінің бала өлтіргіш сионистік режим, оның демеушілері мен көмекшілеріне сұс көрсету, АҚШ пен оның көмекшілерінің Батыс Азия мен Солтүстік Африка стратегиялық аймағындағы соғысқұмарлығын айыптау дегенді білдіреді. Олар күн сайын ауыр қиыншылықтар тудыруда. Ұлттардың көріп жатқан азабы шегіне жетті. Бұл географиялық, нәсілдік және тері түсіне қарай кемсітушілік пен нәсілшілдікке жиіркеніш білдіру, ислам қолдайтын әділ де шыншыл қатынасқа қарсы басқыншы әрі арандатушы алпауыттардың жауластық қатынас көрсетуіне жиреніш білдіру деген  маңынаны білдіреді. Бұлар ибраһимдік қажылықтың берекелерінің біразы ғана. Шынайы ислам бізді осыған үйретті. Бұл – ислам қоғамы армандарының маңызды бөлігінің көрініс тапқан символы. Жыл сайын қажылық рәсімдерін орындау барысында әрбір мұсылман арқылы мазмұнға толы үлкен қойылым қойылып, ашық түрде барша жан осындай қоғам құруға талпынуға шақырылады.  Қазір қажылық рәсімдерін орындап жатқан әртүрлі елдерден келген  ислам әлемінің таңдаулыларының ауыр да қастерлі міндеті бар. Бұл дәрістер олардың талпынысы мен бастамашылдығының арқасында  ұлттар мен қоғамдық пікірге жетуі керек. Ойлар, стимулдар, тәжірибелер және ақпараттармен рухани алмасу солардың қолымен орындалады. Бүгінде ислам әлемінің ең маңызды мәселелерінің бірі – Палестина. Ол кез келген мазхаб, нәсіл мен тілге ие мұсылмандардың барлық саяси мәселелерінің басында тұр. Соңғы ғасырлардағы ең үлкен зұлымдық Палестинада орын алды. Бұл ащы оқиғада бір халықтың бар құндылығы – жері, үйі, алқабы мен мал-мүлкі, абыроайы мен болмысы тәркіленді. Бұл халық Алланың қалауымен жеңілісті мойындамай, қасқайып қарсы тұрды, сондықтан бүгінде бұрынғыдан да батылырақ күрес майданына шығып отыр. Бірақ істің нәтижелі болуы барша мұсылмандардың көмегін қажет етеді. Залым АҚШ пен оның сатқын одақтастары тарапынан ұсынылып отырған "Ғасыр мәмілесі" жобасы – Палестина халқына қарсы ғана емес, адамзат баласына қарсы жасалып отырған қылмыс. Барлықтарыңызды дұшпанның осы әккі жобасының жеңіліс табуында белсенді рөл атқаруға шақырамыз. Алланың қолдауымен үстемшілдердің қарсыласу қозғалысының иманы мен талпынысына қарсы осы және басқа да айла-шарғыларын жеңіліске ұшыратамыз.

 قالَ اللهُ العَزیز: اَم یُریدونَ کَیداً، فَالَّذینَ کَفَروا هُمُ المَکیدون. صَدَقَ‌اللهُ العَلیُّ العَظیم.

Алла тағаладан барша қажылардың ғибадаттарын қабыл алып, кешірім беріп, рақымшылыққа бөлеуін сұраймын.

Сейіт Әли Хаменеи

14 мордад 1398

3 зихадже 1440  

Тегтер