Франция Трамптың Иранға қарсы ойланбай айтқан сөздеріне реакция білдірді
(last modified Sat, 10 Aug 2019 14:22:32 GMT )
Там 10, 2019 20:22 Asia/Almaty
  • Франция Трамптың Иранға қарсы ойланбай айтқан сөздеріне реакция білдірді

Франция Сыртқы істер министрі АҚШ Президентінің Иран туралы айтқан сөздеріне керісінше өз елінің толығымен тәуелсіз ұстаным білдіретінін мәлімдеді.

France Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Франция СІМ жұма күні мәлімдеме жасап, осы елдің Сыртқы істер министрі Жан-Ив ле Дрианның сөзіне тоқталып: "Франция Иранға қатысты толығымен тәуелсіз ұстаным білдіреді. Ол үшін біреуден рұқсат сұрауды қажет етпейді",-деді.

Бұл мәлімдемеде: "Франция "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасына берік. АҚШ-тан басқа осы келісімге мүше елдер сияқты өзі қойған қолды құрметтейді",-делінген.

АҚШ Президенті Дональд Трамп бейсенбі күні Франция Президенті Эммануэль Макронды Иранды келіссөзге шақыратын Вашингтон өкілі деп уәж айтты.

Трамп Twitter-дегі жеке парақшасында "Иран келіссөзді қалайды" деген дәлелсіз уәжін қайталап, Макронды Иранға қате белгілер жіберді деп айыптады.   

Тегтер