Лариджани ислам елдері Парламенттерінің төрағаларын Құрбан айт мерекесімен құттықтады
Там 12, 2019 18:11 Asia/Almaty
Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы жексенбі күні кешке жеке-жеке жолдаған хатында ислам елдері Парламенттерінің төрағаларын Құрбан айтпен құттықтады.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Әли Лариджани бұл жолдауларда Құрбан айтпен құттықтай келіп, теңдессіз парыздарды орындауда шынайылық пен біртүстілікті көрсетіп, мұсылмандардың үлкен қоғамындағы бірлік пен біртұтастықтың символы саналатын қажылық пен оның рәсімдерін орындауды ислам үмбеті арасында бірлік тудыруға берілген қолайлы мүмкіндік деп атап, қажылықтың терең тағылымдарын түсінудің бауырластық пен тілеулестік рухының нығаюына себеп боларына үміт білдірді.
Тегтер