Джахангири: АҚШ Парсы шығанағы мен Ормуз бұғазында тынышсыздық тудыруды көздеп отыр
(last modified Tue, 13 Aug 2019 06:42:05 GMT )
Там 13, 2019 12:42 Asia/Almaty
  • Джахангири: АҚШ Парсы шығанағы мен Ормуз бұғазында тынышсыздық тудыруды көздеп отыр

ИИР Вице-президенті Иранның ғасырлар бойы Парсы шығанағы мен Ормуз бұғазының қауіпсіздігін сақтап келгенін айтып: «Америкалықтар теңіз коалициясын құру үшін бұл аймақта тынышсыздық тудыруды көздеп отыр», деді.

Исхақ Джахангири  дүйсенбі күні Түркіменстанның «Аваза» туристік аймағында өткен Бірінші Каспий теңізі экономикалық форумы аясында Ресей Премьер-министрі Дмитрий Медведевпен кездесуінде АҚШ‑тың Парсы шығанағы мен Ормуз бұғазындағы шараларын аймақтың тұрақтылығы мен қауіпсіздігін бұзу деп атап: «Ресей сияқты БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне мүше елдер АҚШ‑тың мұндай әрекеттеріне ескерту жасаулары керек»,‑деді.

Дмитрий Медведев осы кездесуде АҚШ‑тың Иран мен Ресейге қарсы жауластық саясатын ұстанып отырғанын айтып: «АҚШ‑тың «Ортақ қадам» жан‑жақты бағдарламасынан шыққанына қатысты Иранның ұстанымы қисынды әрі тегеурінді»,‑деді.