Иран Вице-президенті Қазақстан Премьер-министрімен кездесті
https://itolqyn.com/news/world-i43027-Иран_Вице_президенті_Қазақстан_Премьер_министрімен_кездесті
ИИР Вице президенті Түркіменстанның «Аваза» туристік аймағында өткен Бірінші Каспий теңізі экономикалық форумы аясында Қазақстан Премьер-министрімен кездесуінде Каспий теңізі маңындағы көршілес елдердің барлық мүмкіндіктерін аймақ халықтарының мүддесіне сай пайдалану қажеттігін қуаттады.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Там 13, 2019 12:57 Asia/Almaty
  • Иран Вице-президенті Қазақстан Премьер-министрімен кездесті

ИИР Вице президенті Түркіменстанның «Аваза» туристік аймағында өткен Бірінші Каспий теңізі экономикалық форумы аясында Қазақстан Премьер-министрімен кездесуінде Каспий теңізі маңындағы көршілес елдердің барлық мүмкіндіктерін аймақ халықтарының мүддесіне сай пайдалану қажеттігін қуаттады.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Исхақ Джахангири кеше, дүйсенбі күні Түркіменстанда Асқар Маминмен кездесіп, Каспий теңізі экономикалық форумын маңызды жиналыс деп атап: «Бұл форумның өткізілуі мүше елдер қарым‑қатынасының нығаюына, аймақта бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтауға зор ықпалын тигізеді»,‑деді.

Джахангири Иран мен Қазақстан әріптестігінде туындап отырған кейбір кедергілерді жою қажеттігін айтып: «Иран Қазақстанмен банк, сауда және туризм салаларында әріптестікті дамытуға әзір»,‑деді.

Асқар Мамин осы кездесуде Нұр‑Сұлтанның Теһранмен арадағы сауда кедергілерін жоюды көздеп отырғанын айтып, Қазақстанның жан‑жақты аймақтық қарым‑қатынастарды және Иранмен екіжақты байланысты нығайтуға дайын екенін мәлімдеді.