Трамп: Иран мен Қытай менімен келісімге келуді қалайды
АҚШ Президенті өзінің жақтастары алдында Иран мен Қытайдың онымен келісімге келуді көздеп отырғанын тағы да айтты.
Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Дональд Трамп жұма күні таңертең Нью‑Гэмпшир штатының ең үлкен қаласы Манчестерде сөйлеген сөзінде Иран мен Қытайдың онымен келісімге келуді көздеп отырғанын айтты.
Трамп бұл сөзінде: «Қытай мәселесі оңай болады деп ешқашан айтқан емеспін, бірақ аса қиын да емес. Олар келісімге келуді қалайды»,‑деді.
Трамп: «Иран да келісімге келуді қалайды, өйткені санкциялар олар үшін жақсы емес. Бұған қуанып отырған жоқ»,‑деді.
Трамп осы уәждердің жалғасында: «Әрине істің қалай боларын көру керек»,‑деді.
Трамптың «Иран АҚШ‑пен келісімге келуге ынталы» деген уәждері ақпарат құралдары мен саяси сарапшылардың Иранның АҚШ‑пен келіссөз жүргізуге ынтасын көрсететін ешбір белгі жоқтығын мәлімдеп отырған жағдайда айтылды.