АҚШ Grace-1 танкерінің экипажына санкциямен қоқан-лоққы жасады
АҚШ Grace-1 танкерін тұтқындауды жалғастыруда жеңіліске ұшырағаннан кейін АҚШ Мемлекеттік департаменті Иран мұнайын таситын осы танкердің экипажына санкция саламыз деп қоқан-лоққы жасады.
Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, АҚШ Мемлекеттік департаменті жұма күні таңертең мәлімдеме жасап, жуырда ғана босатылған Grace-1 танкері экипажының визаларының күшін жойып, АҚШ жеріне кіруге тыйым саламыз деп қоқан-лоққы жасады.
Бұл мәлімдемеде айтылғандай, Иран мұнайын тасымалдау арқылы Ислам революциясы Сақшылар корпусына көмектесетін кемелердің экипаждары АҚШ заңдары бойынша осы елдің визасын алып, кіру шарттарына сай болмауы мүмкін.
АҚШ Мемлекеттік департаментінің мәлімдемесі бұл елдің Иран мұнайын тасымалдайтын Grace-1 танкерін босату үкімінің алдын алуда сәтсіздікке ұшырағанынан бірнеше сағат өткен соң жасалды.
АҚШ үкіметі Гибралтардан аталмыш танкерді тұтқындауды ұзартуды сұраған болатын.