Америкада жүздеген наразы азамат құрықталды
(last modified Wed, 13 Apr 2016 02:14:52 GMT )
Сәу 13, 2016 08:14 Asia/Almaty
  • Америкада жүздеген наразы азамат құрықталды

Америка полициясы елдегі коррупция және елдің саяси тіршілігіне қаржының үстемдік етуіне наразылық білдіріп, Конгресс ғимаратының алдына жиналған 400 наразыны құрықтады.

«Reuters» ақпарат агенттігінің Вашингтоннан хабарлауы бойынша, дүйсенбі күні АҚШ Конгресі ғимаратының алдында болған шерулерді ұйымдастырған «Демократия көктемі» ұйымы өзінің ғаламтор торабындағы мәлімдемесінде наразылық акциясы Конгрестен елдегі коррупция мен осы елдің саяси өміріне ақшаның үстемдік етуін тоқтатуға, еркін және таза сайлау өткізуге кепілдік беру үшін жедел шара қолдануды талап ету мақсатында өтті деп мәлімдеді.

Осы ұйымның қоғамдық қатынастар бөлімінің басшысы Питер Калахан: «Бұл халықтың үйі болып табылады. Конгресс халыққа жауап беруі керек деп санаймыз. Дауыс берушілердің құқығын қорғау керек» деді.

Осы мәлімет бойынша, тыныш жағдайда өткен осы шеру полицияның 400- ден астам шерушіні «заңсыз шеру өткізді» және «көлік қатынасына бөгет жасады» деген айыппен құрықтауымен аяқталды.