Лариджани: Трамп саяси сахнаны театр сахнасымен шатастырып отыр
(last modified Wed, 21 Aug 2019 13:58:42 GMT )
Там 21, 2019 19:58 Asia/Almaty
  • Лариджани: Трамп саяси сахнаны театр сахнасымен шатастырып отыр

Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы: "АҚШ Президенті саяси сахнаны театр сахнасымен шатастырып отыр. Оның бұл әрекеті АҚШ халқының беделіне рұқсан келтіреді",-деді.

ИИР Телерадио бірлестігінің сейсенбі күні хабарлауынша, Әли Лариджани АҚШ-тың NBC телеарнасына берген сұхбатында АҚШ Президенті Дональд Трамптың Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ынмен кездесуіне тоқталып: "Трамп Ким Чен Ынды құшақтады. Бірақ Солтүстік Корея қарсы салынған санкциялар алынып тасталды ма?",-деді.

Лариджани "Иран 2020 жылда АҚШ-та өтетін сайлауға дейін осы елдің санкцияларын қарсы тұра ма?" деген сұраққа жауапта: "ИИР-дің жолы айқын. Иранда ұзақмерзімді мақсат бар. Қазір Теһранда тек Вашингтонмен қиындық бар. Ал көршілес елдер, еуропалық елдер және Ресей және Қытаймен байланысы жақсы даму үстінде",-деді.