Пәкістан Президенті: Соғыс басталған жағдайда Исламабад тиісті жауап береді
(last modified Fri, 23 Aug 2019 19:36:06 GMT )
Там 24, 2019 01:36 Asia/Almaty
  • Пәкістан Президенті: Соғыс басталған жағдайда Исламабад тиісті жауап береді

Пәкістан Президенті Исламабадтың Нью-Делимен соғысуды қаламайтынын және өз ниетінің түзу екенін талай рет дәлелдегенін мәлімдеді.

Пәкістан радиосының хабарлауынша, Ареф Алави: "Соғыс басталған жағдайда Үндістан Исламабадтың тиісті жауап беретінін білуі тиіс",-деді.

Ол: "Аймақтағы соғыстың салдарлары әлемнің бүкіл елдеріне теріс әсер етеді. Сол себепті әлемдік қауымдастық Кашмирдегі дағдарысты жағдайдан қапы қалмауы керек",-деді.

Пәкістан Президенті: "Үндістан Премьер-министрінің Джамму мен Кашмир аймағының автономдық статусын жоюға шешім қабылдауы Нью-Делидің халықаралық қауымдастық алдындағы міндеттемелерін сақтамайтынын және БҰҰ қарарларына берік еместігін көрсетті",-деді.

Ареф Алави: "Пәкістанның Кашмирге қатысты айқын ұстанымы дипломатиялық қолдау болып отыр. Әлемдік қауымдастық Нью-Делиді келіссөздер үстеліне тартуы керек",-деді.