Иран Сыртқы істер министрі: Еуропа «Ортақ қадам» жан жақты бағдарламасындағы міндеттемелерін орындасын
Там 24, 2019 21:02 Asia/Almaty
Иран Сыртқы істер министрі: «Егер Еуропа Ортақ қадам» жан жақты бағдарламасындағы міндеттемелерін орындаса, Иран өз міндеттемелерін азайту үшін жасаған қадамдарынан кері қайтуға дайын», деді.
Мұхаммад Джавад Зариф жұма күні France Press ақпарат агенттігіне берген сұхбатында Франция Президенті Эммануэль Макронның ұсыныстарын қолдап: «Франция Президентінің ядролық келісімге қатысты қайшылықтарды азайтуды көздеген ұсыныстары жақсы бағытта ілгерілеп жатыр. Бірақ бұдан да көбірек іс атқарылуы керек»,‑деді.
Зариф: «Франция Президенті өткен аптада ИИР Президентіне ұсыныстар жасады. Бұл олардың дұрыс бағытта қозғалып жатқанын көрсетеді»,‑деді.
Тегтер