Теһранда Ислам мен индуизм арасындағы діни диалогтың екінші кезеңі басталды
Дүйсенбі күні Теһранда үнді және ирандық жоғары дәрежелі ғалым мен ойшылдардың қатысуымен Ислам мен индуизм арасындағы діни диалогтың екінші кезеңі басталды.
Иранның Мәдениет және исламдық байланыстар ұйымының басшысы Абузар Ибрахими Торкаман Ислам мен индуизм арасындағы діни диалогтың екінші кезеңі аясында Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігіне берген сұхбатында: "Әділеттік пен бейбітшілік – осы діни диалогтың екінші кезеңінің тақырыбы",-деді.
Ибрахими Торкаман бұл диалогтың бірінші кезеңінің екі жыл бұрын Нью-Делиде ислам мен индуизмдегі рухани құндылықтар тақырыбында өткенін айтып: "Мұндай диалогтардың нәтижесі ислам елдерінің мұсылмандары мен әлемдегі азаттықты сүюші барлық адамдардың мүддесіне сай келеді",-деді.
Ислам мен индуизм арасындағы діни диалогтың екінші кезеңі бүгін, дүйсенбі Теһранда басталып, ертең аяқталады.